«Аяқ-қолын кісендеген жоқпын»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты ауыр айтты

«Аяқ-қолын кісендеген жоқпын»: Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдызға қатысты ауыр айтты
10.10.2025 11:04
0
1426
Ашық дереккөз

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова күйеуі 60 жасқа толған мерейтойды дүркіретіп өткізгеннен кейін көпшіліктің қызығушылығын тудырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Желі қолданушылары бұл ерекше кештен келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың неге көрінбегенін айтып, түрлі болжам жасады. Көпшілік Гүлзира Үсенқызынан бұл жайында түсініктеме беруді сұрады.

Продюсер оқырмандардың пікіріне ашық жауап беріп, Жұлдыздың жеке өміріне қатысты сыни көзқарастарды орынсыз деп санады. Ол келінін қоғамнан жасырып немесе шектеу қойып отырмағанын айтып, бәрінің өз еркімен болатынын түсіндірді.

Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса аяқ-қолын кісендеп отырғызып, 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден 100 есе дұрыс өмір сүріп жатқан шығар, қайдан білесіз. Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымсыз болыңыз. Сіз министрлер мен президенттің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға “әйелдеріңді неге шығармайсыңдар” деп қырылмайсыз? Біреудің отбасына қадалып не болды сізге, менің келіндерімнің бейшара түрін көріп пе едіңіз, елестетіп көріңіз” – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Алайда желідегі кей қолданушылар той қонақтарының арасында Жұлдызды да, оның ата-анасын да байқамағандарын айтып, бұл жағдайды түрліше талқылап жатты. “Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген”, “10 жыл бойы үйде отырғызып қойған келініңіздің тойға келмегені қызық екен”, “Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мыналардың тойларына келе бермейтін шығар”, “Балаларын жіберіпті”, “Қайрат әлсіз болып тұр”, – деген пікірлер де жазылды. Осылайша, продюсердің отбасындағы жағдай көпшіліктің назарын аударып, желіде қызу талқыға түсті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий