Айдана Меденова 10-жастағы қызын хиджаб кигізіп мектепке алып барды (ВИДЕО)

«КешYou» тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова әлеуметтік желіде үлкен қызының мектепке барған сәтін бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Желі қолданушыларының назарын кішкентай қыздың хиджаб кигені аударды.Бір кездері эстрадада жарқыраған Айдана Меденова бірнеше жыл бұрын өнерден алыстап, дін жолын таңдаған еді.
Қазір ол ән айтуды тоқтатып, уақытын толықтай отбасына арнаған. Әлеуметтік желідегі парақшасында көбіне ас әзірлеу, бала тәрбиесі сынды тұрмыстық тақырыптарда видеолар жариялап отырады.
Әншінің қызының мектепке барған видеосы аз уақыт ішінде көп қаралым жинады.
Желі қолданушылары қыздың жастайынан хиджаб киюіне қатысты түрлі пікір білдірді.
«Заң бойынша мектепте орамал тағуға болмайды ғой», «Әлі кішкентай, еркі жоқ бала бақытсыз», «Балаға таңдау беру керек», - деген сияқты пікірлер көп жазылды.
Соңғы жаңалықтар





