Әйел екі баласын улап өлтіріп, денелерін көп жыл бойы чемоданда сақтап келген

Әйел екі баласын улап өлтіріп, денелерін көп жыл бойы чемоданда сақтап келген
24.09.2025 10:01
0
347
ашық дереккөз

Жаңа Зеландияда екі баласын улап өлтірген әйел сотталды, ол көп жыл бойы денелерді чемодандарда сақтағаны анықталды. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Окленд қаласының тұрғыны, 43 жастағы Хаген Ли 2018 жылдың ортасында өзінің екі баласына — сегіз жастағы Юна мен алты жастағы Минге — нортриптилин дәрісін жеміс шырынына араластырып ішкізген. Тергеу материалдарына сәйкес, балалар дәрі араласқан сусынды ішкен соң төсектеріне барып ұйықтаған күйі оянбаған.

Балалардың денелері тек төрт жылдан кейін, анасы жалдау ақысын төлемей қойған қоймадағы заттар аукцион арқылы сатылғанда табылған. Чемодандарды сатып алған отбасы бұл сұмдықты кездейсоқ анықтаған.

Оқиғадан кейін сол жылы Ли Оңтүстік Кореяда психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Тергеу барысында ол "Менің балаларым жоқ" деп жауап берген. Бұл уақытта ол аты-жөнін өзгерту туралы өтініш беріп, отбасымен және таныстарымен барлық байланысты үзген.

Хаген Ли қамауға алынғаннан кейін балаларын өлтіргенін мойындағанымен, өзін ақтау үшін психикалық ауытқуы болғанын алға тартқан. Адвокатының айтуынша, 2017 жылы күйеуінің қазасынан кейін әйел жалғыз өзі балаларды тәрбиелеуге моральдық та, физикалық та қауқары қалмағанын айтып, бұл әрекетін "моральдық тұрғыдан дұрыс шешім" деп санаған. Алайда судья бұл жайтты жеңілдететін себеп ретінде қабылдамаған.

Сот алқасы қысқа кеңесуден кейін Хаген Лиді кінәлі деп танып, оған үкім шығарды. Алайда нақты қандай жаза тағайындалғаны хабарланбады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий