«Әйел ерден бір саты төмен»: Қайрат Нұртастың анасының пікірі қоғамда пікірталас тудырды

 «Әйел ерден бір саты төмен»: Қайрат Нұртастың анасының пікірі қоғамда пікірталас тудырды
05.09.2025 14:18
0
124
Сурет: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ер мен әйелдің отбасындағы орны туралы ой бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Ол жолдасы Нұртас Айдарбековпен бірге қысқаметражды бейнеролик түсіріп, оқырмандарына ұсынды.


«Жас отбасыларға үлгі болсын деп түсірдік. Нұрекеңнің «Өкінген емеспін» әніне негізделген шағын үзіндімізді бағалай жатарсыздар. Тойға бара жатып, ойда-жоқта түсірдік. Негізі өмірде де осындаймын – ұзақ ренжімеймін. Ашу соңы мәңгілік өкініш болуы мүмкін. Әйел ер азаматынан бір саты төмен тұруы керек. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген бекер емес. Бүгінде болмашы нәрсе үшін ажырасып жатқан отбасылар көп. Ал одан ең қатты жапа шегетін – балалар. Мейірімге шөлдеген ұрпақтың тағдыры жүректі ауыртады. Соғыс пен жоқшылық көрген елдерді ойласам, тәубеме келемін», – деді ол.

Желі қолданушылары продюсердің жазбасына әртүрлі пікір білдірді. Бірі қолдаса, енді бірі ер мен әйел тең болуы керек деген уәж айтты.


«Ой саларлық видео екен», «Кешірім жақсы, бірақ кешірім сұрамайтын ерлер де бар», «Ер мен әйел тең болса несі мін?», «Кешіргіш болсаңыз, келініңізден кешірім сұраңыз», «Баяғы ескі көзқарас қой», «Нұртас аға әпкемізді шын сүйетін сияқты», – деп жазды желідегілер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий