Әйел қайтыс болған сүйіктісінен ұлды болды

14.05.2026 12:14 Мөлдір Қайнар
Әйел қайтыс болған сүйіктісінен ұлды болды
131
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тың Флорида штатында ерекше оқиға тіркелді: суррогат ана 29 жастағы Кейси Лайонсқа марқұм күйеу жігітінен бала туып берді, деп хабарлайды Politico.kz.

2023 жылдың 22 ақпанында Кейсидің сүйіктісі, 24 жастағы тележурналист Дилан Лайонс жұмыс барысында қаза тапқан. Ол кісі өлтіру оқиғасы туралы сюжет түсіріп жүрген кезде күдікті қайта оралып, журналисті өлімші етіп жаралаған.

Қайғылы жағдайдан кейін Кейси марқұм сүйіктісінен ұрпақ сүю туралы шешім қабылдаған. Оның айтуынша, екеуі тірі кезінде балалы болуды көп армандаған. Осы мақсатта әйел арнайы медициналық қызметке жүгініп, кейін суррогат ана тапқан.

Кейси бірнеше ай бойы ем қабылдап, жұмыртқа жасушасын алу процедураларынан өткен. Екі сәтсіз эмбрион көшіруден кейін, 2025 жылдың шілдесінде суррогат ана жүкті болған.

Нәтижесінде 19 наурыз күні ұл бала дүниеге келді. Сәбиге әкесінің құрметіне Дилан есімі берілген. Қазір Кейси баласымен бірге марқұм сүйіктісінің ата-анасының қолдауымен өмір сүріп жатыр.

«Мен өмір сүруді таңдадым, өйткені Дилан енді өмір сүре алмайды. Мен ол үшін өмір сүргім келеді», – деді Кейси Лайонс.

Войдите, чтобы оставить комментарий