"Әйел сәбиін құшақтаған күйі жанып кеткен". Алматыда алты бірдей үй өртке оранды

03.10.2025 11:55
0
175
видеодан алынған кадр

Алматы облысында алты үй қатар отқа оранып, ана мен бала тірідей жанып кетті. Тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Қас-қағым сәтте тараған тілсіз жаудан ауладағы қора-қопсы да күлге айналған. Бұл туралы 31 арнаның «Информбюро» бағдарламасы мәлімдеді.

Ал куәгерлер сөзінше, қайтыс болған әйел балаларымен бірге өрт шыққан үйге қонаққа келген екен. Кенен Әзірбаев ауылындағы алапат өрттен алты отбасы үйсіз қалды. Зардап шеккендердің айтуынша, қызыл жалын әуелі марқұмдар қалған үйде тұтанып, жарты сағатта екі жаққа тарапты. Осылайша қатар салынған баспана мен қора бәрі отқа оранған.

Өрт кезінде бір әйел екі айлық сәбиімен шығып үлгермеді. Содан ол баласын өз денесімен жауып, оттан қорғамақ болған. Алайда екеуінің де қайтыс болғанын естідік. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, тілсіз жаудың бұлай өршіп кетуіне хабардың кеш жетуі себеп. Баспаналардың қамыстан жасалғаны да алапат өртке алып келді дейді. Сонымен қатар, ғимараттар арасында бір жарым және екі метр ғана болатын тар жолдар және тығыз құрылыстық қосымша қиындықтар туғызды. Өрт болған жерде екі адамның мәйіті табылды. Бір адам күйік жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің сөзіне сенсек, ауруханаға жеткізілген ер адамның денесін толық күйік шалған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий