«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Төреәлі желіде астарлы жазба жариялады

«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді»: Төреғали Төреәлі желіде астарлы жазба жариялады
Фото: instagram/toregalitoreali

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі жеке парақшасында әйел тақырыбына қатысты қысқа әрі екіұдай мағына беретін пікір қалдырған.

«Әйел шешінбей, мәселе шешілмейді», — деп жазды әнші.

Әзірге өнер иесінің бұл сөзбен нақты нені меңзегені немесе қандай мақсатта бөліскені белгісіз болып отыр. Соған қарамастан оның астарлы сөзі желі қолданушылары арасында қызу талқыға ұласып, түрлі көзқарас туғызуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу