«Әйелдер бөлек, еркектер бөлек»: казаққа нағыз халал тойды көрсетпек болған асаба жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

«Әйелдер бөлек, еркектер бөлек»: казаққа нағыз халал тойды көрсетпек болған асаба жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)
04.09.2025 15:20
0
191
Скриншот видеодан алынды

Желіде белгілі тамаданың жүргізген тойынан үзінді тарады. Асаба бейнежазбада өмірінде екінші рет нағыз халал тойға куә болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 


«Нағыз халал тойдың қандай болатынын қазаққа көрсетейік. Өмірімде екінші рет халал той көріп тұрмын. Ерлер бір жақта, әйелдер бір жақта отыр. Музыка жоқ, би жоқ», – деді асаба.


Алайда көптеген қазақстандықтар мұндай тойды сынап тастады. Олардың пікірінше, егер қазақтың күйі күмбірлемей, әні шырқалмаса, ондай отырысты «той» деуге келмейді.


«Мешітте жасай салмады ма? Қазақта халал деген сөз жоқ, арам және адал деген сөз бар», – десе, тағы бірі: 


«Музыка, ән болмаса несіне той дейсіңдер?! Ол – құдайы ас», – деп пікір білдірді.


«Қазақтың әні шырқалмаса, күмбірлеп күй тартылмаса ол не той?», «Бұлар қазақтар емес», – деген сынды пікірлер де жазылды.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий