Әйелдерге ерлерден мерекеде сыйлық сұрауына және махр алуына тыйым салынды

Әйелдерге ерлерден мерекеде сыйлық сұрауына және махр алуына тыйым салынды
08.05.2025 14:18
0
87
Фото: freepik.com

Ауғанстанда әйелдер бұдан былай күйеу жігіттің дәстүрлі неке сыйын талап ете алмайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ауғанстандағы талибан билігі әйелдерге жаңа тыйым салды. Олар енді махрді талап ете алмайды. Ресми тыйымды ғұламалар кеңесі енгізді. 

Махр — күйеу жігіттің некеге тұру кезінде қалыңдыққа беретін дәстүрлі сыйы. Әйелдер ақша, киім, зергерлік бұйымдар және басқа сыйлықтар талап ете алатын еді.

Жарлықты ислам нормаларын сақтауға жауапты министрліктің кеңесі қабылдады. Құжатта әйелдер ер адамдардан тек үйлену тойында ғана емес, басқа мерекелерде де сыйлық сұрауына болмайтыны жазылған.

Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, бұл шешімге тұрғындардың бірі наразылық білдіру үшін өзін өртеп жіберген оқиға себеп болған. Осыдан кейін билік қандай жағдай болмасын жаңа ережелер қатаң сақталуы керек деп мәлімдеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий