"Әйелдің қарғысы боқ": Нұрлан имам қарғыс туралы айтып, елді ойлантып қойды

Нұрлан имам есімімен танымал Нұрлан Байжігітұлы әлеуметтік желіде ер адамдарға үндеу жасап, олардың қарғыс сөз айтудан алшақ болуын сұрады,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, ер адамдардың сөздері әйелдерге қарағанда өткір әрі әсерлі келеді, сондықтан олар өз сөздерін бақылауы қажет.
Мені ерлер қауымы жақсылап тыңдап алсын. «Әйелдің қарғысы – боқ, әкенікі – оқ» дейді. Ер адам өз сөзін абайлап қолдануы керек, өйткені ол – ер азамат. Егер әйелмен жарысып, сөз қайтарғың келсе де, тым болмаса қарғыс сөз айтпа. Иә, еркек те адам, кейде эмоциясын шығарғысы келеді, тіпті әйел секілді салғыласып кететін жағдайлар да болады. Бірақ сол сәтте аузыңыздан қарғыс сөз шықпасын. Әсіресе, Құдай қосқан жарыңызға ауыр сөз айтудан сақ болыңыз. Періштелер ол кезде "әумин" десе, әйеліңіз бала көтере алмай қалуы мүмкін, көтерсе де құрсақтағы нәресте тұрақтамауы немесе қандай да бір дертке шалдығуы ықтимал, – деп ескертті Нұрлан имам өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл үндеу имамның ер азаматтарға жауапкершілік жүктеп, отбасындағы қарым-қатынасқа байыппен қарауға шақыруының бір көрінісі болды.
Соңғы жаңалықтар





