"Әйелім мен баламның қадірін білмедім": белгілі әнші өмірдегі өкініші туралы айтты

23.04.2026 10:28 Мөлдір Қайнар
262
Фото: видеодан скриншот

Әнші Сәкен Қалымов «Мың бір түн» бағдарламасына сұхбат беріп, өміріндегі өкінішін айтты деп хабарлайды Politico.kz.

Ол кезінде ішікілік пен серілікті соңында жүргенін жасырмады.

«Өмір өзі сүріну мен қайтып түзелуден тұрады. Біздің кезімізде уақыт басқаша болды. Қолымызда стакан жүрді. Уақыт солай болды, ішкілікте, серілікте жүрдік. Құдайдың қосқан жарының, отбасының қадірін білмедік. Сондай өкініштерім бар. Ал өнерге деген өкініш жоқ. Жарымның, баламның қадірін білмей, ажырасқаныма өкінемін. Тағдыр, сүрінбейтін тұяқ жоқ деп өзімізді ақтағандай боламыз. Қазір тура жолда, құлшылықта, намазда жүргеннен кейін Алланың сынағы деймін. Алла тағала сүйген құлымды көп сынаймын дейді екен. Тағдырыма шүкір етемін. Мен бәрін мойындап отырмын. Бұл — күштілік. Қателігіңді мойындау, оны айту білу — ерлік. Заманға, жарыма сылтау айтып, жалтарып кетуге болады. Олай емес, мен кінәлімін. Ортамыз солай болды. Концерттен концерт, азаннан кешке дейін қолымызда стакан болды. Солай отбасыма қатысты өкінішім бар», — дейді ол.

Сонымен қатар, әнші баласымен арласуды қойғанын айтты.

«Өкінішке қарай, әзірге ортамызда мүлдем байланыс жоқ. Түсінемін, өкпелемеймін, ол кісілердікі дұрыс. Дұғадамын, бір жолықсақ кешірім сұрап, сый-сыяпат жасап, көңілдерін тапсам деп жүрмін. Ол күнде алыс емес. Сенімім мол. Кез келген ашу басылады. Бірінші келіншегімнен ұлым бар, екінші әйелімнен қызым бар. Қызыммен араласамын», — дейді ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий