Әйгілі Андреа Бочелли қазақтың шапанын киді

31.10.2025 15:22 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Әйгілі Андреа Бочелли қазақтың шапанын киді
0
763
Фото: instagram.com/andreabocelliofficial

28 қазан күні Almaty Arena сахнасында өткен концертінен кейін аты аңызға айналған италияндық тенор Андреа Бочелли Алматыға сапарынан алған әсерімен Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Жарияланған суреттерде ол дәстүрлі қазақтың құндыз жағалы шапанын киіп тұрғанын көруге болады.
Андреа Бочелли - 66 жастағы италиялық әнші, композитор және әлемдегі ең танымал опера тенорларының бірі. Ол 15-тен астам студиялық альбом шығарған, ал оның дауысы классика мен поп-музыканың ерекше үйлесімі ретінде мойындалған.
Алматыдағы концерт Бочеллидің Қазақстандағы алғашқы жеке концерті болды. Зал толы көрермендер аты аңызға айналған тенордың тірі даусын естуге мүмкіндік алғанына ерекше қуанды және әлеуметтік желіде концерттен алған әсерімен бөлісті. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий