Әйгілі әнші The Weeknd Алматыда концерт беруі мүмкін

Қазақстандық әлеуметтік желілерде канадалық әнші The Weeknd 2026 жылы Алматыда концерт беруі мүмкін деген ақпарат қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қауесет продюсер әрі билет сервисінің жетекшісі Topbilet.kz өкілі Алексей Пучков пен блогер Бейбіт Әлібековтің жазбаларынан кейін тарай бастады.
Олар әртістің Қазақстанда өнер көрсетуін растайтын мәлімет алғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, осыған ұқсас ақпарат әншінің Өзбекстанда да концерт өткізу ықтималдығы жайлы жарияланды.
Алайда The Weeknd-тің ресми сайтында Орталық Азияға гастрольдік тур жоспарлары көрсетілмеген. Қазіргі таңда оның 2026 жылғы кестесінде тек Еуропа мен Латын Америкасы елдері бар.
Сол себепті қазақстандықтардың басым бөлігі бұл ақпаратқа күмәнмен қарап, әншінің Алматыдағы Орталық стадион сахнасында өнер көрсетуі екіталай деп есептейді.
Соңғы жаңалықтар





