«Айка тізімі»: оны кім таратты, жауапқа тартылғандар бар ма?

12.12.2025 10:11 Әсел Мұрат
«Айка тізімі»: оны кім таратты, жауапқа тартылғандар бар ма?
0
112
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Айғаным Мырзахметова

Елімізде 2023 жылы қоғамда үлкен резонанс тудырған «Айка тізімі» ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды. Құжатты кім таратқаны және оны таратқаны үшін біреудің жауапқа тартылған-тартылмағаны ұзақ уақыт бойы белгісіз болып келді. Tengrinews.kz бұл мәселеге қатысты жаңа деректерді ІІМ баспасөз қызметінен білді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Айка тізімі»

Еске салсақ, 2023 жылдың желтоқсан айында желіде «Айка тізімі» тараған еді. Онда блогер Айка М.-ның элиталық эскорт қызметіне қатысы бар делінген азаматтардың жеке деректері көрсетілгені айтылды. Құжатта танымал өнер адамдары мен кәсіпкерлердің аты-жөндері, байланыс нөмірлері, мекенжайлары мен қызметтері болғаны қоғамда қызу талқыға түсті.

Бұл тізім блогер Айканың 2023 жылы маусымда ұсталуынан кейін тарай бастаған. Ал 2024 жылдың мамыр айында ол аса ірі көлемде психотроптық зат сақтағаны және жеңгетайлық жасағаны үшін 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов 2024 жылдың наурыз айында «Айка тізімі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Тергеу барысында іс материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген.
2025 жылдың 25 қарашасында ІІМ министрі Ержан Сәденов «тізім болғанын, ал ІІМ ол бойынша қылмыстық процесс аясында жұмыстар жүргізгенін» айтты.

«Айка тізімін» кім таратты?

Tengrinews.kz ресми сауалына жауап берген ІІМ тізімнің таралуы бойынша істі Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергегенін хабарлады.

Тергеу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері де іске байланысы бар тұлғалар ретінде анықталған.

«WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде азаматтардың анкеталық деректерін тарату түрінде көліктегі полиция департаменті қызметкерлерінің қылмыстық іс материалдарын жария еткені бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, алайда қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды», – деп жауап берді ІІМ.

Жауапта Антикор полиция қызметкерлерінің әрекетінен заң бұзушылық анықтамағаны айтылды.

«Қадағалаушы орган қылмыстық қудалау органы қызметкерлерінің әрекеттерінде ешқандай заң бұзушылықты таппады», – делінген ресми жауапта

.Тізімде болған адамдар жазалана ма?

Tengrinews.kz тізімде аты аталған тұлғалардың жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. ІІМ олардың әрекетінен құқықбұзушылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.

«Тізімде көрсетілген тұлғаларды қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқықтық негіз жоқ, өйткені олардың әрекеттерінде қандай да бір құқықбұзушылық құрамы анықталмады», – делінген жауапта.

Неліктен Айка бостандыққа шықты?

2025 жылдың 25 қарашасында элиталық эскорт желісін ұйымдастырушы Айканың жаза өтеу мерзімі екі жылға кейінге шегерілді. Ол 2024 жылы 6,5 жылға сотталған еді.

Осы уақыт ішінде ол пробациялық бақылауда болады, кейін қайтадан колонияға оралады. Жазаны кейінге қалдыруға сотталушының кішкентай баласының болуы себеп болған.

Айка кім және несімен танымал?

Айка Алматыдағы элиталық эскорт желісінің ұйымдастырушысы ретінде танымал. Алайда ол өзін блогер ретінде көрсетіп, Instagram парақшасында сән-салтанатқа толы өмірін жариялап жүрген. Ол жиі шығатын саяхаттарын, қымбат сыйлықтарын және люкс автокөліктерін көрсететін фото-видеолар жүктейтін.

Айканың Instagram аккаунтында 120 мыңнан астам жазылушы болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол Алматыда элиталық эскорт желісін ұйымдастырып, модельдік келбеті бар қыздарды ауқатты клиенттермен байланыстырып отырған. Қыздарға ол «демеуші табу», пайдалы таныстықтар орнату және әлемді көру мүмкіндігін уәде еткен.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий