«Айқайлап көмек сұрады»: Алматыда әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады (ВИДЕО)

«Айқайлап көмек сұрады»: Алматыда әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады (ВИДЕО)
Видеодан кадр
Алматыда қаңғыбас иттер қаптады

Әлеуметтік желілерде Алматы қаласының Алатау ауданында болған оқиғаға қатысты бейнежазба кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрларда бір топ қаңғыбас иттің көшеде кетіп бара жатқан әйелге шабуыл жасағаны көрінеді. Оқиға тұрғын үй массивтерінің бірінде, «Аспан Сити» тұрғын үй кешені маңында болған. Бейнебақылау камерасына түскен жазбада әйелдің иттерден қорғануға тырысып, қатты дауыстап көмек шақырғаны байқалады. Біраз уақыттан кейін жанынан өтіп бара жатқан ер адам оған көмектесуге ұмтылған.

Аталған видео қоғамда үлкен резонанс тудырды. Дегенмен, әлеуметтік желі қолданушыларының бір бөлігі бұл жазба ескі болуы мүмкін екенін де алға тартып отыр. Бейненің дәл қазір таралуы да түрлі сұрақтар туғызуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу