«Айыппұл көп келеді»: Түркістанда бейнекамераларды әдейі сындырғандар ұсталды

29.03.2026 16:26 Қарақат АСЫЛОВА
«Айыппұл көп келеді»: Түркістанда бейнекамераларды әдейі сындырғандар ұсталды
274
Бір түнде 4 камера істен шықты

Түркістан қаласында көшедегі бейнебақылау камераларын әдейі зақымдаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға облыс орталығындағы көшелердің бірінде түнгі уақытта болған. Белгісіз адамдар төрт бірдей бейнекамераны сындырған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Тергеу барысында оқиға шамамен түнгі сағат 01:00-де болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жас жігіт ұзын таяқтың көмегімен камераларды әдейі істен шығарған. Қылмысты ашу кезінде полицейлер жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерттеген. Соның нәтижесінде күдіктілердің қозғалыс бағыты анықталып, жедел-іздестіру шаралары барысында олар ұсталды.

Аталған факті бойынша «бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, бұл әрекетке жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға наразылық ретінде барғандарын айтқан.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий