ҚАЗАҚСТАН МЕН ГРУЗИЯ АРАСЫНДА САУДА-САТТЫҚ КҮШЕЙДІ
505
Қазақстан Грузияның экономикалық серіктестерінің ең ірі ондығына кіреді. Былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 700 млн доллардан асқан. Бұл рекордтық көрсеткіш.
Біз гүржі еліне қандай тауарлар экспорттап жатырмыз және ол жақтан қандай өнім келіп жатыр? Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы жыл сайын өсіп жатыр. Былтыр ол 168 процентке артып, 735 млн доллардан асты. Георгий Джахуташвили, Қазақстан-Грузия экономикалық бірлестігінің төрағасы: - Цифрлар бойынша біраз өсім бар.
Бұған дейін 2012 жылы Грузия арқылы экспортталған көліктер есептелмей келген еді. Ол көліктер басқа елдерде тіркелді. Өйткені бұған Еуразиялық экономикалық одақ мұрсат бермеді. Қазір бұл реттелді. Грузия Қазақстанға минерал сулар, газдалған сусындар, шарап, дәрі, жаңғақ, жеміс әкеледі. Ал біздің еліміз мұнай өнімдері, қара метал конструкциялары, қағаз бен картон, азот тыңайтқыштарын апарады.
Сондай-ақ былтыр Қазақстаннан балмұздақ және тағам мұзы жеткізіле бастаған. Шикізат емес тауарлардың жылдық өсімі 43 проценттен асты. Элене Читадзе, бренд-менеджер: - Біздің компания Қазақстаннан Грузияға 2016 жылдан бері кетчуп, майонез жеткізеді. Басында 216 мың келі болған, қазір 400 мың келіден асқан.
Осы қарқынды ұстап тұрғымыз келеді. Жаңа тауарлар тізімін де қоссақ дейміз. Иә, екі жақты сауда-саттық аясы кеңейіп жатыр. Бірақ логистика, сақтау, инфрақұрылым жағынан шешілуге тиіс мәселелер бар. Десе де сарапшылар мен бизнесмендер Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастық енді жыл санап тереңдей береді дейді.
Соңғы жаңалықтар
26.07.2026
15:31
«Экрандағы мен – шынайы мен емес»: Дариға Бадық...
26.07.2026
14:29
Тоқаевтың бейбітшілік туралы үндеуіне Украина қ...
26.07.2026
13:21
Алматыда иесіз ғимарат жанынан қару-жарақ салын...
26.07.2026
12:31
Ұлытау облысының жаңа әкімі «Қазақмыс» нысандар...
26.07.2026
12:26
“Ауылдансыңдар, колхозсыңдар»: Тұрсынбек Қабато...
26.07.2026
11:29
Тоқаев Путинге ерекше сыйлық табыстады