Қазақстан, Ресей және Түркіменстан Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізін дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр
460
Маңғыстауда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин солтүстік-оңтүстік және ТХКМ көлік дәліздерін дамыту бойынша кеңес өткізді.
Ақтау порты мен Иранның солтүстік порттары арасында жүктерді тасымалдау жолға қойылған Солтүстік-Оңтүстік дәлізі баламалы сауда маршруттарын дамыту тұрғысынан өте перспективалы бағыт. Маңғыстау облысы арқылы Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің шығыс тармағы өтеді. Кеңесте көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров айтқандай, сервисті жақсарту, жүктерді жеткізу уақытын қысқарту және аталған көлік дәлізінде «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету үшін Қазақстан, Ресей және Түркіменстанның теміржол әкімшіліктері бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік – Оңтүстік дәлізі бойынша теміржол көлігімен тасымалданған жүктердің көлемі 2,1 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 4%-ға артық. 2027 жылға қарай дәліздің көлік әлеуеті жылына 6-дан 10 млн тоннаға дейін ұлғайтылатын болады», - деді Мақсат Қалиақпаров.
Транскаспий халықаралық көлік маршруты (TХКМ) – Шығыс-Батыс бағыттарына маңызды балама. Оның өткізу қабілеті 6 млн тонна, 2023 жылы тасымалдау көлемі 2,76 млн тоннаны құрады, бұл 2022 жылдан 65%-ға жоғары. 2024 жылдың басынан тасымалдау 274,2 мың тоннаны құрап, өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 147%-ға арта түскен. ТХКМ-де инфрақұрылымды және терминалдық қуаттарды жақсарту, порттарды кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Мұның бәрі 2027 жылға қарай аталған көлік маршрутының өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Ең ірі жұмыстардың қатарында «Достық – Мойынты» т/ж учаскесінің екінші жолдарын және «Алматы» айналма теміржол желісін, Ақтау теңіз портындағы контейнерлік хабты, Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды терминалын салу, екі портты да тереңдету.
Сондай-ақ көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Маңғыстау облысының әуе және автомобиль көлігі саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Маңғыстау облысының елдің көлік-логистикалық жүйесіндегі, әсіресе солтүстік - оңтүстік және ТХКБ дәліздеріндегі стратегиялық рөлін атап өтті. Оларды кеңейту және өткізу қабілетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар
30.04.2026
20:45
Светлана Пак: Алмас Сұлтанғазин әкемнің Sulpak-...
30.04.2026
20:42
«20 балл жинасаң жүргізуші куәлігінен айырылас...
30.04.2026
20:01
СҚО-да әйел өз өзін өртемек болып, жансақтау бө...
30.04.2026
18:33
Нұрай Серікбайдың туыстары күдіктінің жақындары...
30.04.2026
18:02
Мақпал Жүнісова дегеніне жетті
30.04.2026
17:57
Алматы маңындағы картон зауытында ірі өрт шықты...