Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяған жоқ

18.08.2026 21:51 Томирис САҒЫНДЫҚ
Азаматхан Әміртай: Үлкен соғыс болды, мені аяған жоқ
51
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай өзінің саяси жолы мен елдегі қордаланған түйткілдерге қатысты ойын ортаға салды. Ол өз бастамасымен құрған IT компаниясының және электронды үкімет пен электронды құжат айналымы сияқты іргелі жобаларының Назарбаев отбасы өкілдері мен ықпалды шенеуніктердің назарына ілігіп, нәтижесінде бизнесінен қалай айырылғанын баяндады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Азаматхан Әміртай ulysmedia.kz порталына берген сұқбатында әңгімеледі.

— Электронды үкіметтің негізін қалаған — бізбіз. Ең алғашқы техникалық тапсырмасын, жүйесін жасаған біздің компания болатын. Кейін келе бұл салаға «Жанұяның» адамдары, Назарбаевтың туыстары, немерелері қызыға бастады. Олар өзінің IT компанияларын ашып, барлық мемлекеттік тапсырысты өзіне қаратты да, біз сияқты мекемелерді нарықтан ығыстырып шығарды. Содан соң мен телекоммуникация саласына ауысып кеттім.

— Содан сіздің компанияңызды нарықтан шығарып жіберді ме? Назарбаевтың өкілдері өздері келіп, бизнесіңізді сатып алды ма?

— Жоқ, олар, мысалы, «Қазақстан темір жолында» біздің IT компаниямыз жүргізіп отырған жұмысқа келіп араласты. Ол жерде біз Open Source операциондық жүйесі базасында электронды құжат айналымын жасайдым деді. Олар келіп: «Бұл технология жарамайды», — деп, өз бағдарламаларын тықпалап, бізді жобадан шығарып тастады. Негізі біз қандай жобалар жасадық? Электронды құжат айналымы, электронды үкімет, электронды статистика және электронды қызмет сияқты жобалардың авторы — біздің мекеме.

— Яғни сіз бизнестен келген адамсыз, сіздің өз бизнесіңіз бар, иә?

— Иә, айтайын дегенім, содан менің кәсібімді тартып алды. Артымнан кудалау басталды.

— Назарбаевтың туыстары көп қой, нақты кім тартып алды?

— Ол кезде генерал болды. Ол кісі қазір қайтыс болып кетті. Қайтыс болған адамның атын атағым келмейді. Сол генерал кезінде ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары, одан кейін Алматы қаласын, Жамбыл облысын басқарды. Сол кісі маған қатты қысым жасады.

— Қалмырзаев па?

— Жоқ-жоқ, басқа кісі. Сол кезде маған, шынымды айтсам, Президент Әкімшілігі Кеңсесінің бастығы көмектесті. Мені қорғап қалды. Ол жағдайдың анық-қанығын, менің таза екенімді көрді...

— Қасымбек?

— Аха. Ол қай жыл еді... 2007 жыл болатын. Сөйтіп, мен кәсібімді қорғап қалдым, бірақ үлкен соғыс болды. Мені аяған жоқ. Осы жағдайлардан кейін бұл салада жұмыс істеуге көңілім қалды. Шынымен көңілім қалды. Не үшін? Өз күшіңмен саланы көтересің, еңбек етесің, ал олар келеді де, қолжетімділікке ие болып, бәрін тартып алады. Содан соң мен елден кетейін деп шештім. Англияға, Америкаға отбасымды көшіріп алып кеттім. Бірақ кейін апам мен жеңгем қайтыс болып, балаларға, әке-шешеге көмектесу керек болған соң, елге қайта оралдым»

Войдите, чтобы оставить комментарий