Ажырасу дауынан кейін Гүлайым Рахмонова алғаш рет мәлімдеме жасады
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова ажырасу процесі аясында әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол өзіне қолдау білдірген жандарға алғыс айтып, өзгенің қайғысына күлді деген сын айтқандарға жауап берді.
«Жақсы сөз жазған жандарға мың алғыс. Жаман пікір жазу – әркімнің өз таңдауы. Бірақ оның да шегі бар. Мені мазақ қылды деп, өзгенің қайғысына күлгендерге айтарым – мен жүріп өткен жолды өздерің де басып көріңдер. Сонда кешіру қиын ба, әлде бату қиын ба екенін түсінерсіңдер», – деп жазды Гүлайым.
Сонымен қатар ол 2020 жылы Шавкат Рахмоновпен бірге түскен архивтік фотосын жариялады.
«Ертең не боларын ешкім білмейді. Біз жоспарлаймыз, ал тағдырды Алла шешеді. Бұл – 2020 жылғы архивтік сурет. Қыздарымның өтінішімен бөлісіп отырмын. Асығыс қорытынды жасамауларыңызды сұраймын», – деді ол.
Гүлайымның бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Соңғы жаңалықтар