Азия ойындарында қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті

02.10.2026 • 17:27 Әсел МҰРАТ
Азия ойындарында қазақстандық спортшы допинг дауына ілікті
409
Фото: ҰОК

Қазақстандық желаяқ Аяна Болатбекқызының Азия ойындары кезінде тапсырған сынамасынан тыйым салынған зат табылды, деп хабарлайды Politico.kz Халықаралық тестілеу агенттігіне (ITA) сілтеме жасап.

ITA мәліметінше, сынаманы Азия Олимпиадалық кеңесінің (OCA) қолдауымен Халықаралық тестілеу агенттігі 2026 жылғы 27 қыркүйекте Жапонияның Нагоя қаласында жарыс кезіндегі допингке қарсы бақылау барысында алған.

Отандық спортшының ағзасынан бұлшықеттің тығыздығы мен күшін арттыратын синтетикалық анаболикалық стероид – дростанолон анықталды.

Аталған зат анықталған бойда желаяқ жарыстардан уақытша шеттетілді.

Сондай-ақ Аянаның уақытша шеттету туралы шешімге байланысты Спорттық арбитраж сотының Допингке қарсы бөліміне (CAS ADD) шағым түсіруге және «B» сынамасын ашуды әрі қайта талдауды талап етуге құқығы бар екені атап өтілді.

Аяна Болатбекқызы кім?

Ол 2006 жылы 5 қарашада Жетісу облысында дүниеге келген.

Спортшы орта қашықтыққа жүгіруге маманданған. Ол Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 1500 метрге жүгіруден бақ сынап, ақтық мәреге дейін жетті. Финалда мәре сызығын 11 қатысушының ішінде 10-шы болып қиды.

Аталған жағдайға қатысты Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы ресми түсініктеме бермеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий