Backstreet Boys әншілері Астанада алғаш рет моншаға түсіп, ерекше әсер алғанын айтты

Атақты Backstreet Boys тобының мүшелері Қазақстанға жасаған сапарынан қызықты естеліктерімен әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Астанадағы концерттер барысында олар демалуға уақыт тауып, жергілікті моншаға барған. Олар буға түсіп, шахмат ойнап, мұздай суға шомылған сәттерін суретке түсіріп жариялады.
«Астанадағы монша. Жігіттер ерекше әсер алды! Бұл олардың алғашқы тәжірибесі болды – олар бұрын-соңды буға кіріп, мұздай суға шомылып көрмеген. Эмоциялары керемет болды», – деді концерттердің ұйымдастырушысы Малик Хасенов.
Бұған дейін Ник Картер мен Брайан Литтрелл гастрольдердің қорытындысын шығарып, қазақстандық көрермендерге алғыс білдірді. Өзінің Instagram парақшасында Картер Қазақстанға сапар топ үшін ерекше оқиға болғанын атап өтті.
«Біз Қазақстанда алғаш рет болдық, бұдан артық арман бар ма? Біз ешқашан ұмытпайтын екі керемет концерт үшін рақмет», – деді ол.
Соңғы жаңалықтар





