«Ұмытып кеткен»: Балабақша көлігінде 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз ажал құшты

«Ұмытып кеткен»: Балабақша көлігінде 6 сағат қалып қойған 2 жастағы қыз ажал құшты
22.09.2025 16:49
0
397
Фото: uz.news.uz

Апат болған күні айыпталушы балаларды балабақшаға әкеліп, олардың барлығы көліктен түскен-түспегенін тексермеген. 2 жастағы қыз жабық көлікте 6 сағат тұрып қалғаннан кейін қаза тапты, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ сайтына сілтеп.

20 маусымда Қашқадария облысы, Касан ауданының "Кидштепа" ауданында орналасқан жеке балабақшада екі жасар қыздың қаза тапқаны туралы хабарланды.

Сот материалдарына сәйкес, 31 жастағы балабақша меңгерушісі балаларды үйінен алып кетіп, қайта алып баруы керек болған. Оның жүргізуші куәлігі болғаны анықталды.

Қайғылы оқиға болған күні ол жеті баланы балабақшаға алып келді, бірақ сол күні балалар тізімін тексеретін тәрбиеші жұмысқа келмеді. Ол балалар түгел түскен-түспегенін тексермей көліктің есігін жапқан.

Нәтижесінде екі жасар қыз көлікте қалып, 6 сағат сонда отырғаү. Баланың денесін әкесі көліктің артқы орындығынан тауып алған.

Балабақша меңгерушісі 3 жылға сотталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий