Бадықованың экс-күйеуі тағы бір сұмдық жайтты жайып салды

Бадықованың экс-күйеуі тағы бір сұмдық жайтты жайып салды
09.10.2025 10:58
0
266
видеодан алынған кадр

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы жары Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі жазбасында көпшілік біле бермейтін жаңа деректерді жариялады.

Ол өзінен кейін Дариға Бадықова бірнеше сұхбат бергенін, алайда кейін бұл материалдардың барлығы белгісіз себептермен интернеттен өшірілгенін мәлімдеді. Дархан Мұсаевтың айтуынша, бұл сұхбаттардың бірін журналист Жанар Байсемізова жүргізуі тиіс болған. Оның алдында Айнұр Асанберді «менің оқырмандарым аз болғандықтан, сұхбатты Жанар өткізеді» деген көрінеді.

Кейін Жанар сұхбаттың анонсын жариялаған сәтте, Бадықованың тарапынан «өшіріңдер!» деген қатаң талап қойылған. Мұсаевтың сөзіне қарағанда, бұл шешім Дариғаның продюсері емес, өз тарапынан келген. Ол жазбасында «Бадықованың қырық өтірігі» деп атап, осы жағдайға қатысты өзінде бар дәлелдерді де ұсынғанын жеткізді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий