Балаларды зорлап, қорлық көрсеткен қаскөй сотталды

Бірінің бетін, екіншісінің ернін тіліп, жыныстық қатынасқа түскен қаскөй 21 жылға сотталды. 47 жастағы айыпталушыға үш бап бойынша айып тағылған, деп хабарлайды КТК арнасы.
«Сұмдық оқиға осыдан жарты жыл бұрын Жамбыл ауданындағы Балғабек Қыдырбекұлы ауылында болды. Үлкендердің қарауынсыз қалған төрт бала отырған үйге ер адам екі кештің ортасында баса-көктеп кіріп, бүлдіршіндерге озбырлық көрсеткен.
Ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап буындырады. Кенже ұлының көзін көгертіп, ортаншысының бетін тілген, тағы бірінің ернін жырыпты. Бұл кезде олардың анасы көрші ауылда болған. Айғай‑шуға көршілері бірінші боп жетіп дабыл қаққан. 47 жастағы күдікті көп ұзамай қолға түсіп, балалар бірден ауруханаға жеткізіледі», – делінген материалда.
Қазір балақайлардың қайда, кіммен тұрып жатқаны белгісіз. Анасы, әдеттегідей, жауап беруге құлықсыз. Оқиға болған күні ауыл әкімі балаларға озбырлық жасаған адам әйелдің ашынасы болуы мүмкін деген болжамын айтқан еді.
«Жас баланы зорлау фактісі расталды. Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген. Сот үкімі бойынша сотталушы 21 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Алматы облысының прокуратурасы өкілі.
Соңғы жаңалықтар




