Балаларға оқитын жер жоқ – Павлодар облысында мектеп өртеніп кетті
868
Павлодар облысында мектеп өртке оранып, балалар оқусыз қалды.
23 қаңтар күні таңертең Павлодар облысы Ертіс ауданына қарасты Бұланбай ауылында өрт шығып, жалғыз мектеп жанып кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2010 жылы салынған бір қабатты мектеп ғимараты өрттен толықтай жойылды. Өрттің болжамды себебі – электр бағанасындағы қысқа тұйықталу. Күшті желдің салдарынан жалын ғимаратқа тараған.
"Өрт таңғы сағат тоғыз шамасында басталды. Жалын шарпыған аумақ 153 шаршы метрді құрады. Бастапқы тексеру нәтижесінде ғимарат толықтай өртеніп, қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Бұл мектепте бар болғаны 20 оқушы оқитын. Оларды уақытша жергілікті шағын орталыққа ауыстыру жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
21:19
Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан...
10.09.2026
20:21
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota...
10.09.2026
20:03
Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйелерін цифрл...
10.09.2026
19:06
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан апат: Экс...
10.09.2026
18:14
«Батыл әрі жедел әрекет ету қажет»: Тоқаев түрк...
10.09.2026
18:02
Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш т...