"Баламның түрмеден шыққанын қалаймын": Мейіржан Төребаевтың анасы жан сырын ақтарды

Вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаевтың анасы Сұлухан Төребаева мен жары Дана Есеева танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, отбасы құндылықтары, келіндік өмір және аналық жүрек сыры туралы ашық әңгімелесті,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Skifnews.kz мәліметінше, эфир барысында Мейіржанның анасы ұлына деген сағынышын, жүрегіндегі ең үлкен арманын бөлісіп, көзіне жас алды.
Сұхбат кезінде Ләйлә Сұлтанқызы Сұлухан Төребаевадан нені армандайтынын сұрағанда, ол өзінің басты тілегі – ұлы Мейіржанның ақталуы мен отбасына қайта оралуы екенін жасырмады. Ана жүрегімен баласын жақсы білетінін айтқан ол, ұлының адал, әділ әрі ар-ұятты биік қоятын адам екенін ерекше тебіреніспен жеткізді. «Мейіржан ешқашан біреудің ала жібін аттаған емес. Қайта өзім бірдеңе айтып қалсам, “Мама, сіз намаз оқисыз ғой, не айтып отырсыз?” деп тоқтатып тастайтын», – дейді ол.
Сұлухан Төребаева келініне де ерекше ризашылығын білдіріп, отбасындағы сыйластық пен бірлікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол балалары мен немерелерінің жанында жүргеніне, «айналайын» деген сөзін сағынып келетін ұрпағының барына шүкіршілік етіп, өзін бақытты ана әрі әже санайтынын айтты. Сондай-ақ, ұлы мен келінінің бірге бақытты ғұмыр кешіп, бір жастыққа қартайғанын тілеп, болашақта артында тек жақсылықпен еске алатын ұрпақ қалдырсам деген ниетін білдірді.
Соңғы жаңалықтар





