Баланы құтқармақ болған: Cұлулық байқауының жеңімпазы зілзаладан көз жұмды

Баланы құтқармақ болған: Cұлулық байқауының жеңімпазы зілзаладан көз жұмды
08.04.2025 14:25
0
57
AP Photo / Aung Shine Oo

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісі салдарынан елдің бұрынғы аруы, "Мисс Туризм Мьянма" атағының иегері Сили Ми қайтыс болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

28 жастағы арудың денесін құтқарушылар Мандалай қаласындағы 12 қабатты үйдің үйінділерінің астынан тапқан. Бұл туралы британдық Need To Know басылымы хабарлады.

Мәліметтерге сәйкес, Сили Ми жер сілкінісі кезінде баланы құтқаруға тырысып, ғимарат ішінде қалып қойған. Өкінішке орай, ол аман қалмады.

Сили Ми 2018 жылы "Мисс Туризм Мьянма" байқауында жеңіске жетіп, ел намысын "Мисс Туризм Әлем" халықаралық конкурсында қорғаған болатын.

7,7 магнитудалы жер сілкінісі 28 наурызда Мьянма аумағында тіркеліп, оның дүмпулері бес көршілес елде сезілген. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қаза тапқандар саны 3600-ден асып, 5000-нан астам адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий