Баланың басына тасбақа құлап, қайтыс болды

Баланың басына тасбақа құлап, қайтыс болды
12.06.2025 12:16
0
399
pexels.com

Қытайдың Гуандун провинциясында көпқабатты үй ауласында ойнап жүрген балақайдың үстіне биіктен тасбақа құлап, ол ауыр жарақат салдарынан көз жұмды. 

Чжао отбасысы кішкентай ұлымен бірге тұрғын үй кешенінің ауласында серуендеп жүрген. Сол сәтте жоғарғы қабаттан тасбақа құлап, баланың басына тиген. Дәрігерлер дереу көмек көрсеткенімен, баланың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Тергеу нәтижесінде тасбақа сол үйде тұратын Чжан есімді тұрғынға тиесілі екені анықталған. Марқұмның ата-анасы тасбақа иесін, тұрғын үйді басқарушы компанияны және сақтандыру ұйымын сотқа беріп, өтеу талап еткен.

Алайда сот шешімі бойынша, жауапкершілік тек жануар иесіне жүктелді.

Сот шешімі: 1,28 миллион юань өтемақы

Чжан отбасысы Чжао отбасына 1,28 миллион юань (75 млн теңге) көлемінде моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Чжан апелляциялық шағым түсіргенімен, төлемді кейінге шегеру (30 күнге) құқығына ғана қол жеткізді. Негізгі үкім өзгеріссіз қалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий