"Бала-шағасы бар еркек...": Қайрат Нұртастың қызы өзін айыптағандарға жауап берді

25.09.2025 12:00
0
210
видеодан алынған кадр

Танымал хитмен Қайрат Нұртастың қызы Алауға желі қолданушылардың сөзіне жылап қалды. Бұл туралы POLITICO.KZ Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

TikTok желісінде жасөспірім қыз жылап отырып, айыптауларды жоққа шығарды. 

"Маған, кішкентай қызға қайдағы бір педофилмен, 3-4 баласы мен әйелі бар еркекпен бірге жүргеннен басқа істейтін іс жоқ па деп жазады. Мені солай жүретіндей ақылсыз, тәрбиесіз көресіздер ме? Олай ойласаңдар, рақмет!", – деді ол көз жасын сүртіп. 

Даудың басы әйелі педофил деп айыптаған блогер Қолғанат Жұмабаевпен видеоға түскеннен басталған. Көпшілік Қайраттың қызын кінәлап, ескерту жасған еді.  

"Сол үшін тыныш жүр", "Сабағыңды оқып, оқушылар сияқты жүр", "Жаным, жылама", "Кішкентай қызда нелерің бар?", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий