Бандиттер мені жұмсай алмайды – Әбдіжаппар Әлқожа

Бандиттер мені жұмсай алмайды – Әбдіжаппар Әлқожа
17.07.2025 15:36
0
266
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Желіде әнші Әбдіжаппар Әлқожаның журналист Ама Тасығанға берген сұхбаты тарады. Сұхбат барысындағы Әбдіжаппардың берген жауабы желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Аман Тасыған қонағынан «Бандиттердің тойына кіріп шыққан кездерің болды ма» деп сұрады. Ал әнші болса, олармен жақсы араласатынын алға тартты. 

«Жоқ, ондай болған жоқ. Алматыдағы бандиттерді танимын. Бұрын соларға жақын болғаннан кейін танысып-білісіп алғанбыз, кейін әнші болып кетсем де бізге келіп араласып тұратын. Негізі бандиттер шынайы жігіттер ғой. Сөзге тоқтайтын, сөз сөйлей алатын жігіттер. Сол ортада бірге жүргеннен кейін олар мені ешқайда жұмсай алмайды. Жұмсауға ұялады. Әзірге ешқайысы әлімжеттік жасаған жоқ. Ана тойға кіріп шықшы деп бұйырған емес. «Жарты ақшаңды берейін, өзімнің туысқанымның тойы еді» деп өтініш айтатындар болады. Жігіт арасында шешілетін әңгіме ол. Ондай кезде мен де жоқ демеймін», - дейді Әбдіжаппар Әлқожа.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий