«Бақытжан сияқты емес»: Айдос Сарым Құрылтайдағы жалақысы туралы ашық айтты

16.09.2026 12:48 Әсел МҰРАТ
«Бақытжан сияқты емес»: Айдос Сарым Құрылтайдағы жалақысы туралы ашық айтты
98
Фото: ашық дереккөз

Құрылтай депутаты Айдос Сарым парламент реформасынан кейін жалақысының өзгерген-өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Politico.kz

Бұған дейін VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған Айдос Сарым парламент реформасынан кейін I шақырылымдағы Құрылтай депутаттарының қатарына енген еді.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ол жалақысының өзгермегенін мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, ол ай сайын бір миллион теңгеге жуық қаражат алады.

Сонымен қатар Құрылтай депутаттарының жалақысы шамамен 600 мыңнан бір миллион теңгеге дейін өзгеріп отыратынын айтты.

«Бұл еңбек өтіліне, жұмыс тәжірибесіне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Мұның бәрі есепке алынады. Мысалы, егер бұрын генерал немесе елші болсаңыз, оған сәйкес қосымша үстемақы қарастырылады. Мемлекеттік қызметтегідей», – деді депутат БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сарым қазіргі табысының өзіне жететінін де жеткізді.

«Осында отырып, жұмыс істеп жүргеніме қарағанда, жетеді. Бақытжан сияқты әйелімді әзірге жұмысқа қуған жоқпын», – деп әзілдеді ол бұрынғы депутат Бақытжан Базарбекті меңзеп.

Войдите, чтобы оставить комментарий