Бар қазаққа танымал әнші бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

Бар қазаққа танымал әнші бес жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін
18.09.2025 14:10
0
402
nerulife.ru

Ресей эстрада жұлдызы Алла Пугачёва соңғы сұхбатында Джохар Дудаев туралы айтқан сөздері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Әншінің мәлімдемелерінде терроризмді ақтау белгілері бар.

Пугачёва сұхбат барысында Дудаевты «парасатты адам» деп атап, ол туралы жағымды пікір білдірген. Тергеу органдарының пікірінше, бұл сөздер Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 205.2-бабына (терроризмді ақтау) сәйкес келеді. Аталған бап бойынша әншіге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазір бұл дерек бойынша тексеру жүріп жатыр.

Бұған дейін адвокат Александр Трещёв сотқа талап-арыз түсірген болатын. Ол Пугачёвадан 1,5 миллиард рубль көлемінде өтемақы талап етіп отыр. Оның айтуынша, әншінің мәлімдемелері соғыс ардагерлерін қорлайды.

Сұхбатта Пугачёва Джохар Дудаевтың тірі қалуы үшін ештеңе істей алмағанына өкінішін білдіріп, оны «порядочный человек» деп сипаттаған. Кейін ол әлеуметтік желіде жазба жариялап, «сөйлегім келетін сәттік сезім жоғалды» деп жазды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий