"Бәрі басынан басталады": Тұрсынбек пен Мөлдірдің құшақтасқан видеосы тарады

26.01.2026 16:00 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
342

Әлеуметтік желіде әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның бұрынғы жары Мөлдір Мұқанова бейнеленген видео таралып, жұрттың қызу талқысына түсті, деп жазады Politico.kz.

Желіде тараған кадрлардан Тұрсынбек Қабатовтың соңғы концерттерінің бірінде көрермендер қатарында отырған Мөлдір Мұқанованы көруге болады. Ол әзілкештің сахнадағы өнерін қол шапалақтап, ерекше ықыласпен тамашалаған. Кейінірек концерт аяқталған соң Мөлдір Мұқанованың сахна сыртына өтіп, бұрынғы күйеуінің қасына барып, бірге суретке түскені де видеоға түсіп қалған.

Бұл жайт желі қолданушылары арасында түрлі пікір мен болжамдардың тууына себеп болды. Көпшілік Мөлдір Мұқанованың әрекетін әрқалай бағалап, пікірлерін ашық білдіруде.

«Тұрсынбек ол кешірім сұраған видеоны өтірік деп жоққа шығарды ғой»,

«Осылай баптап, бағасын білмей кеткені өте өкінішті»,

«Мөлдірдің екі көзі Тұрсынбекте, мақтанып, марқайып отыр, күйеуін қатты сүйгені көрініп тұр»,

«Кешіруге тұрмайтын…»,

«Балаларға әке керек, табысу керек, құда-жекжат болады»,

«Қажет емес, кешірмесін! Балаларың аман болсын, Мөлдір!»,

«Қандай жарасымды жұп еді…» — деп жазды желі қолданушылары.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий