"Бәрі бітті". Айнұр Тұрсынбаева не үшін ажырасқанын айтты

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке беймәлім жеке өміріндегі ауыр кезеңін алғаш рет ашық айтып, жан сырын бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Ол Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жариялаған жазбасында 2016 жылы өмірінде күрделі қиындықтарға тап болғанын мойындады. Ақынның айтуынша, дәл сол жылы Меккеге ауыр күйде барған: ажырасу, үлкен қарыз, депрессия, айтыстан шеттетілу және қаржылық тығырық оның жанын күйзелткен.
Айнұр Тұрсынбаева жүрек тебірентерлік жазбасында Мекке төрінде жылап отырып, Жаратқаннан көмек сұрағанын еске алады. «Аллахым, берушілерден қылшы, мені қуантшы, саған түк емес қой мені қуанту», – деп тілегенімен, сол сәтте дұғасының қабыл боларына сенімі болмағанын айтады. Болашағына үмітсіз қарап, бәрі бітті деп ойлаған кездері де болған.
Сол уақытта оның қолында бизнес бастауға қажетті қаражат болмаған, жалғыз баспанадан басқа сататын мүлкі де қалмаған. Айтыста қара тізімге ілініп, тойларға шақыру сиреген. Тіпті кейбірі оны «ажырасқан» деп сырт айналған. Айтыскер өз мүмкіндіктеріне күмән келтіріп, не істерін білмей, тығырыққа тірелген кездерін еске алып, жанын ақтарды.
Соңғы жаңалықтар





