"Бәрі бітті": Меруерт Түсіпбаева жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

20.12.2024 13:02
0
486
әлеуметтік желі

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева желіде әсерлі жазба жариялап, жеке өміріндегі жаңалығын жария етті. Өнер иесі махаббатымен қоштасқанын айтты.

Меруерт Түсіпбаева жеке өміріндегі өзгерістерді Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Әнші сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды. Өнер иесі тіпті махаббатымен қалай қоштасқанын көрсетті. Ол өміріндегі қиын кезеңде студияға барып, махаббат туралы ән жаздырған.

"Жаратқаннан жалбарынып шын сұрасаң лаулаған сезіміңе де тосқауыл қоюға болады екен. Бәрі бітті. Сонша уақытымның бос кеткеніне өкінбеймін. Бұл менің тағдырым. Осындай сезім болмаса, мұнша ән жарыққа шықпас еді. Барлық әндерім ол туралы болды. Мына өлеңді 10 минутта жазып шықтық", - деп жазды Түсіпбаева. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий