"Бәрі маңызды сияқты": Жұлдыз Әбдукәрімова бақыт туралы сөз қозғады
557
Блогерөз пікірін Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
"Мына қарбалас заманда қалай бәріне үлгеруге болады? Өмірімде бірнеше бағытты қатар алып жүруге тура келеді. Ол - үй шаруасы, бала тәрбиесі, өз шығармашылығым (театр, кино, блог жүргізу), басқа да кәсібім демекші… Бәрі маңызды сияқты. Десе де, "Мен үшін ең маңыздысы қайсы?" деген ой соңғы кездері маза бермейді. Сөйтсем, ең маңызы өзім екенмін. Бәріне үлгеремін деп аптығу ойымда да жоқ. Мақсатым - бақытты болу. Бақытты күйде ғана өзіме, отбасыма, айналама жылулығым мен мейірімімді, махаббатым мен қамқорлығымды бере аламын. Байқағаным, бақытты айналаңнан емес, өзіңмен үйлесімде болғанда ғана табасың. Жаңа орта, жаңа қарым-қатынас, сәнді киім сені бақытты етпейді. Нағыз бақыт - жүрегіңдегі тыныштық пен еш себепсіз реңіңнің бал-бұл жайнауы", - деді ол.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...