“Барлық белгілер суицидті көрсетеді”: Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты медициналық сараптама қорытындысы жарияланды

“Барлық белгілер суицидті көрсетеді”: Нұрқанат Ғайыпбаевқа қатысты медициналық сараптама қорытындысы жарияланды
11.12.2024 09:43
0
62
коллаж orda.kz

Алматы облыстық полиция департаменті сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысын жариялады. Сарапшылардың айтуынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Сот-медициналық сараптаманың алдын-ала болжамы бойынша, 9 желтоқсанда Талғардың шетінде табылған 30 жастағы ер адамның мәйіті өзін-өзі асу арқылы механикалық асфиксия нәтижесінде болғанын көрсетті. Денесінде зорлық-зомбылық сипаттағы белгілер жоқ”, – делінген полиция басқармасының хабарламасында.

Сарапшылар барлық берлгілердің суицидке сәйкес келетінін айтты.

Сарапшылармен анықталған дене жарақаттары, мысалы, странгуляциялық және мойынның абразиялары асылған жіпті қолданған кезінде пайда болатын жарақаттарға сәйкес келетінін көрсетті. Барлық белгілер суицидті көрсетеді, мойынындағы зақымдану сипаты мұндай жағдайларға тән Мастоидтық процестің және желке мен құлақ аймағындағы абразияға ұқсас іздер үйкеліс пен пайда болуы мүмкін, – делінген ақпаратта.

Қазір құқық қорғау органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын тексеруді жалғастырып жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или