Бас прокуратура Назарбаевтардың біріне қатысты іс қозғады

Бас прокуратура Назарбаевтардың біріне қатысты іс қозғады
22.09.2025 13:42
0
703
Нұрбол Назарбаев Болатұлы. Фото: SHYNDYK.KZ

Бас прокуратура комитеті Назарбаевтың біріне қатысты сот ісін бастады, деп хабарлайды «За нами уже выехали» жаңалық арнасы.

22 қыркүйекте Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тағы да Назарбаев фамилиясы аталды. Бұл жолы Бас прокуратураның жанындағы Активтерді қайтару комитеті сотқа талап арыз түсірген. Ал жауапкер ретінде Н.Б. Назарбаев есімді азамат көрсетілген.

Жауапкер Н.Б. Назарбаев деген кім?

Бұл Назарбаев кім болуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Болжам бойынша, бұл – марқұм Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев. Алайда, сот ісінің нақты не туралы екені әзірге белгісіз. Бұл ақпаратты Комитет те, сот та құпия ұстап отыр.

Іс неліктен жабық өтіп жатыр?

Сот өкілдері бұл жағдайды былайша түсіндірді:

«Бұл талап арызда жариялауға болмайтын және тек қызмет бабында қолдануға арналған материалдар бар, сондықтан процесс ашық өтпейді».

Яғни, сотта қандай мәселе қаралып жатқанын, мемлекет Нұрбол Назарбаевтан нені талап етіп отырғанын білу әзірге мүмкін емес.

Нұрбол Назарбаев туралы не білеміз?

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрбол Назарбаев бұрын күштік құрылымда жұмыс істеген.

  • Ол 2011 жылдан 2017 жылға дейін Алматы облысының Ішкі істер департаментінде қызмет атқарған. Тіпті, департамент бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген.
  • 2017 жылы полициядағы қызметін аяқтап, бизнеске бет бұрған. Ол «Prime Capital Holding» атты инвестициялық қор құрып, оның бақылау кеңесін басқарған.

Істің мазмұны мен талап арыздың негізі әзірге белгісіз.

🅟Журналист: Арман Ермеков

Сонымен қатар оқыңыз:

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий