«Басқа ойым жоқ»: Тоқаев қандай мақсат көздейтінін айтты

24.09.2026 12:19 Қарақат АСЫЛОВА
«Басқа ойым жоқ»: Тоқаев қандай мақсат көздейтінін айтты
119
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлемге орта держава ретінде танытып, ел мүддесін қорғауды мақсат ететінін айтты. Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген президент шетел басшыларымен және инвесторлармен кездесулерінің мәнін осылай түсіндірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Тоқаевтың сөзінше, халықтың тұрмысын жақсарту үшін жұмыс жалғасады.

«Біз алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табанды еңбек ете береміз.
 
Халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуымыз қажет.
 
Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін.
 
Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын.
 
Алдымда тұрған мақсат – айқын: бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау. Басқа ойым жоқ.
 
Сондықтан мұның бәрін бүкіл халқымыздың мақсаты деп күмәнсіз айтуға болады», деді президент.

Айта кетейік, осы сессияда Тоқаев Қазақстанның кейінгі жеті жылда қалай өзгергеніне де тоқталды.

Войдите, чтобы оставить комментарий