Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы спорттан кететінін жариялады

21.08.2025 15:27 Admin Admin
Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы спорттан кететінін жариялады
0
664
Фото: Richard Pelham / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Париж Олимпиадасында алтын алған алжирлік боксшы спорттан кететінін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Олимпиада чемпионы Иман Хелиф гендерлік дау-дамайдан кейін спортпен қош айтысты. Бұл туралы оның бұрынғы менеджері Нассер Йесфах мәлімдеді. 

Йесфахтың айтуынша, Хелиф кәсіпқой бокста бірнеше жекпе-жек өткізуі тиіс болған, бірақ бір ғана кездесу өткізген соң, қаржылық қиындықтарға байланысты келісімшартқа қол жеткізе алмады.

Ол Ниццадан ғана емес, жалпы бокстан кетті, – деді Йесфах.

2025 жылы Эйндховенде өткен турнирге де ол гендерлік тестілеуге байланысты жіберілмеген еді. Бұған дейін IBA ұйымы Хелиф пен тағы бір спортшының «XY хромосомасы» барын айтып, жарыстардан шеттеткен. Дегенмен ХОК оларға Париж Олимпиадасына қатысуға рұқсат берген болатын. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий