"Басы жұлынып кетті": Қызылордада жол апатынан 6 баланың әкесі мерт болды

30.03.2026 17:38 Мөлдір Талғат
320
Фото: Qumash

Қызылорда қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 13 наурыз күні Тәуелсіздік даңғылы мен Есқараев көшесінің қиылысында болған. Полиция мәліметінше, жол апатына үш көлік қатысқан. Соның салдарынан ВАЗ-2104 көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның артында алты баласы қалған.

Марқұмның туыстары апатқа Lexus көлігін басқарған 23 жастағы Әліби Боранбаев кінәлі деп санайды. Олардың айтуынша, жүргізуші көлікті шамадан тыс жоғары жылдамдықпен, шамамен сағатына 200 шақырыммен басқарған.

Туыстары бұл жағдайдың алдын алуға болар еді деп есептеп, тергеудің әділ әрі ашық жүргізілуін талап етуде. Сондай-ақ олар кейбір дәлелдердің бұрмалануы немесе жасырылуы мүмкін деген күмәндерін де жасырмады.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу жол қозғалысы департаменті басшылығының бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары әлеуметтік желі қолданушыларын оқиға орнынан түсірілген видеоларды таратпауға шақырды. Бұл марқұмның жақындары үшін ауыр тиюі мүмкін екенін ескертті.
Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий