«Басынан жазайықшы»: Қазақстан құрамасының қорғаушысы сұхбат барысында жұртты күлдірді (ВИДЕО)

«Басынан жазайықшы»: Қазақстан құрамасының қорғаушысы сұхбат барысында жұртты күлдірді (ВИДЕО)
08.09.2025 14:40
0
151
Скриншот видеодан алынды

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дамир Касабулат Бельгиямен өткен ойыннан кейін берген сұхбатында елді күлдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 
Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын өткізген Дамир телеарналардың біріне сұхбат беріп тұрып, қатты қобалжығаны байқалды.


«Ойын өте қиын болды, көп жүгірдік. Осындай нәтиже үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз», – деп сөзін жалғастырып келе жатып, тікелей эфирде екенін аңғармаған футболшы:

«Жоқ, басынан жазайықшы», – деп айтып қалды.

Бұл сәт әлеуметтік желіде кеңінен таралып, көпшілікті күлдірді. Көрермендер жас футболшыға түсіністікпен қарап, қолдау білдірді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропалық іріктеу кезеңінің 6-турында Бельгиядан ауыр жеңіліске ұшырады. Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өткен матч 6:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
«Қайрат» клубының қорғаушысы Дамир Касабулат өзінің ұлттық құрамадағы алғашқы матчын осылайша сәтсіз аяқтады.
 

@qazaq_football_news

Жарайды дебют матч кешіріммен қарайық алға жігіттер 💔🇰🇿

♬ оригинальный звук - qazaq_football_news
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий