Батыс Қазақстанда үш бала суға кетіп көз жұмды
Батыс Қазақстанда мектеп бітірген үш бала суға батып көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растады.ТЖМ мәліметінше, 9 маусым күні кешке Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы маңындағы Кіші Өзен өзенінде судағы қайғылы оқиға орын алған.
«БҚО ТЖД 112 жедел кезекшісінің пультіне аудандық полиция бөлімінен 2008 және 2009 жылы туған үш жасөспірімнің арнайы жабдықталмаған әрі шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Аталған аумақта суға түсуге тыйым салынғаны туралы ескерту белгісі орнатылған», – делінген хабарламада.
Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.
Алайда ТЖМ бөлімшелері жеткенге дейін қаза болғандардың денелерін жергілікті тұрғындар судан шығарды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Соңғы жаңалықтар