Баян Алагөзова Гүлмира Сатыбалдының сотталуына күйеуінің қатысы барын айтты

10.09.2026 15:44 Томирис САҒЫНДЫҚ
Баян Алагөзова Гүлмира Сатыбалдының сотталуына күйеуінің қатысы барын айтты
122
Фото: instagram.com/tursenalaguzov/

Продюсер Баян Алагөзова сұхбатында жұбайы Тұрсын Алагөзовтің басынан өткен кәсіптегі дағдарыстар мен зауытты қайтару жолындағы сот процестері туралы айтып берді. Сондай-ақ ол қиын кезеңде отбасының жанында кімдердің қалғанын және зауыт төңірегіндегі даудың қалай шешілгенін баяндады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы продюсер Аман Тасығанмен болған сұқбатта әңгімеледі. 

«Ол сәтте оған өте көп адам сатқындық жасады, теріс айналды. Қазір аты-жөндерін атағым келмейді, бұл менің шаруам емес әрі бұл әдепсіздік болар еді. Дегенмен, оның жанында соңына дейін адал болып қалған адамдар да бар, олар қазір де бірге. Сонымен қатар сатып кеткендер де аз болмады. Осының бәрі көз алдымда өтті. Адамның табиғаты сондай болса керек», – деді Баян Алагөзова.

Сонымен қатар өнер иесі Тұрсын Алагөзовке тиесілі болған зауыттың тартып алынуы мен оған қатысты сот шешімдеріне де тоқталды.

«Гүлмира зауытты сатып алған жоқ, тартып алды. Егер сатып алған болса, қазір түрмеде отырмас еді. Ол қазір тек біздің іс бойынша емес, басқа да көптеген іс бойынша жазасын өтеп жатыр. Оған қатысты рейдерлік бойынша арыз берілді. Сонда бәрі дәлелденіп, ол тиісті жазасын алды», – деді продюсер.

Баян Алагөзованың айтуынша, кәсіпорынды заңды иесіне қайтару процесі бірнеше жылға созылып, іс тек заң аясында шешілген.

«Қазір ол – зауыттың толыққанды акционері. 100 пайыз емес, 93 пайыз акциясы оған, ал 7 пайызы серіктесіне тиесілі. Зауытты қайтару үшін 5 жылдай уақыт кетті. Біз ешкімнің есігін қаққанымыз жоқ, ешкімнен көмек сұрамадық. Тек құқықтық өрісте әрекет еттік: аудандық сот, қалалық сот, облыстық сот, республикалық сот өтті. Басқа ешкімге жүгінген жоқпыз», – деді Баян Алагөзова.

Войдите, чтобы оставить комментарий