Баян Алагөзова өзін танымал еткен Талғат Теменовтен кешірім сұрады
Белгілі продюсер Баян Алагөзова театр және кино режиссері Талғат Теменовтен кешірім сұрады. Айтуынша, өзі бір кездері режиссерге қатыгездік танытқан.
Продюсер Дина Төлепбергенге берген сұхбатында өзін бүкіл Қазақстанға бір-ақ күнде Талғат Теменовтің танытқанын мойындады.
Мен Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Ол – кішкентай Орал қаласынан шыққан Баянды бір күнде бүкіл Қазақстанға танымал жұлдызға айналдырған адам. Мен «Махаббат станциясы» фильміне түсіп, бірден Қазақстандағы ең танымал қызға айналдым. Содан біздің арамызда түсінбеушілік пайда болды. Ол екінші фильм түсіруі керек еді. Сол кезде «Мен киноға енді түскім келмейді. Маған онсыз да бәрі ұнайды. Сіз маған енді керек емессіз» деп айттым. Ал негізінде ол – менің алғашқы ұстазым. Маған көп нәрсе үйретті. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Сол кезде қатыгездік танытқаным үшін кешірім сұраймын, – деді продюсер.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...