Баян Алагөзова өзіне қатысты ерекше жазба жариялады
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында туған күніне орай жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі өзін өмірдегі ең үлкен байлық – махаббат деп санайтынын атап өтті.
«Бақыт – осы сәттің ішінде! Мен махаббатқа өте баймын! Мен сүйемін, мені сүйеді! Мен – қызбын, жармын, анамын, әжемен, әпке-сіңлімін, дос, басшымын! Анамды, жарымды, балаларымды, жақындарым мен достарымды қатты жақсы көремін! Ал олардың барлығы мені жақсы көреді! Міне, осы – бақыт, ал бақыт – қуанышта! Мен қуанышпен оянып, қуанышпен ұйықтаймын! Бұл – менің еңбегім!!» – деп жазды ол.
Жазбасында ол өмірдің мәні қуанышта екенін айтып, әр күнді шүкіршілікпен қарсы алатынын жеткізді. Пост соңында Баян Мақсатқызы өз-өзіне ізгі тілегін арнап, өмірді жақсартуға деген ниетін де қоса кетті.
«Өзіммен мақтанамын. Туған күнімде мен қуаныш, махаббат, мейірім, жасампаздық туралы, бұл әлемді қалай әдемірек етуге болатыны жайлы ойлаймын. Туған күніңмен өзімді құттықтаймын, менің қымбаттым, сүйіктім, сұлуым, сәнді Баяшам! Өмірдің бар қуанышы өзіңе арналады!», – деп түйіндеді.
Соңғы жаңалықтар