«Баянның кешірім сұрауы нені өзгертеді?»: Талғат Теменов шәкірті жайлы ойын жайып салды

Белгілі режиссер Талғат Теменов Баян Алагөзованың өзінен кешірім сұрауына пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Баян Алагөзова өзінің соңғы сұхбаттарының бірінде Дина Төлепбергеннің «Кімнен кешірім сұрар едіңіз?» деген сұрағына:
«Талғат Теменовтен» – деп жауап берген болатын.
«Ол мені жұлдыз қылды. Сол кезде мен «мен енді жұлдызбын, сіз маған керек емессіз» деп жастықпен мінез көрсетіп қойыппын. Сол үшін ол кісіден кешірім сұраймын», – деген еді Баян.
«Айран» подкастының эфирінде Талғат Теменовтен «Баянды кешіре алдыңыз ба?» деп сұрағанда, ол былай жауап берді:
«Баянның кешірім сұрағанын көрдім. Менің пайымдауымша, мұндай сұрақтар арнаның деңгейін түсіреді. Бұл – жеке қарым-қатынастар. Баянның кешірім сұрауы не сұрамауы – одан не өзгереді? Иә, ол менің шәкіртім. Иә, ол талантты, дарынды, қазақтың бүгінгі мәдениетінде өзіндік орны бар ақылды қыз. Мен ақылды қыздарды жақсы көремін. Кешірім сұрауының өзі – оның азаматтығы мен ақылдылығы. Ондай қыздарды сыйлаймын және әрқашан тілекшісімін. Баянға да солай», – деді Талғат Теменов.
Айта кетейік, Баянның актриса ретінде қатысқан алғашқы фильмі – «Махаббат станциясы» - режиссер Талғат Теменов түсірген.
@qazaq.airan Теменов Баянды әлі кешірмеген бе? Сұхбаттың толық нұсқасын Qazaq Airan YouTube арнасынан көріңіз
♬ original sound - QAZAQ AIRAN
Соңғы жаңалықтар





