«Баянның кигеніне көңілі толмады»: Меруерт Өтекешева атышулы камзол туралы пікір білдірді

05.05.2026 08:42 Әсел Мұрат
«Баянның кигеніне көңілі толмады»: Меруерт Өтекешева атышулы камзол туралы пікір білдірді
553
Фото-коллаж: Politico.kz

Белгілі актриса Меруерт Өтекешева Майя Бекбаеваға берген эксклюзивті сұхбатында «Қыз Жібек» фильміндегі камзолға қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Меруерт Өтекешеваның айтуынша, қайта құру жылдары көптеген костюм жоғалып кеткен.

Ол «Қыз Жібек» фильміндегі камзолды кинокартина экранға шыққаннан кейін алғаш рет Баянның үстінен көрген. 

Актриса бұл жәдігерді нағыз халықтық мұра деп санайды және продюсер оны мұражайға тапсырып, болашақ ұрпақ үшін сақтап қалатынына сенім білдірді.

«Көпшіліктің оның бұл камзолды киіп көргеніне көңілі толмағанын білемін. Бірақ шығармашылық адамдары сезімтал болады. Ол: «Ой, қандай тамаша!» деп ойлады. Жібек камзолы әрі мүсініне де шақ келді. Бұл жай ғана оның ішкі тебіренісі болатын. Баян Алагөзова оны, әрине, сақтайды және ол міндетті түрде мұражайда тұрады. Өз мұражайында, болмаса Ұлттық мұражайға бере ме – ол жағын өзі шешеді. Тіпті, бұл камзолды мен сыйлаған-мыс деген сөздер де шықты. Шын мәнінде, ол өте жақсы сақталған», — деді актриса.

 Айта кетейік, «Қыз Жібек» фильміндегі қамзолдың кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтың жұбайы продюсер Баян Алагөзованың қолына түсуі қоғамда үлкен дау тудырды. Алагөзова қамзолды көзінің қарашығындай сақтаған әйелден алғанын айтты.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий