Бектенов жекеменшік мектептер мен клиникаларға ақша бөлуді шектеуді тапсырды

06.01.2026 12:31 Арман Ермеков Арман Ермеков
Бектенов жекеменшік мектептер мен клиникаларға ақша бөлуді шектеуді тапсырды
0
242
Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов жекеменшік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарын субсидиялау саясатын шұғыл қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Politico.kz

Үкімет отырысында әлеуметтік міндеттемелердің толық орындалатыны айтылды. Алайда бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау күшейтіледі. Үкімет басшысы жекеменшік сектордағы артық қаржыландыру мен жиілеп кеткен алаяқтық фактілеріне назар аударды.

«Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса, бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім», — деді Олжас Бектенов.

Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне нақты мерзім белгіленді. Ведомстволар бір апта ішінде жекеменшік мектептер мен медициналық ұйымдарға бөлінетін субсидияларды реттеу және алаяқтықты жою жөніндегі нақты ұсыныстарын Үкіметке енгізуі тиіс.

Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп жұмыс істеу жүктелді. Олар әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерді тағайындау кезіндегі заңсыз схемаларды түбегейлі жоюға міндеттелді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий